Instagram 10 жылдан кейін логотипін жаңартты
Instagram компаниясының басшысы Адам Моссери 2016 жылдан бері алғаш рет қосымшаның жоғарғы бөлігіндегі логотипін өзгерткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Моссеридің айтуынша, логотиптің жаңа нұсқасы заманауи әрі ықшам дизайнға ие.
Сонымен қатар онда Instagram-ның бастапқы логотипіне тән элементтер сақталған.
"Қосымшаның жоғарғы жағындағы атау 10 жыл бойы өзгерген жоқ. Сондықтан оны жаңартатын уақыт келді. Жаңа нұсқа қарапайым әрі заманауи. Сонымен қатар ол Instagram-ның бастапқы дизайнына сілтеме жасап, біз үшін әрдайым маңызды болған қарапайымдылық пен детальдарға деген ұқыптылықты көрсетеді", – деді Адам Моссери.
Еске салайық, бұған дейін Instagram 2010 жылы іске қосылып, бастапқыда Polaroid камерасына ұқсас логотиппен танылды. Ал 2016 жылы компания дизайн мен логотипін алғаш рет түбегейлі жаңартты. Сол кезде Instagram-ды ай сайын 400 миллионға жуық адам қолданған.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
