Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкенің жүрегі елжіреді": Мирас Бекжанов қызының ұзату тойында көзіне жас алды

Мирас Бекжанов қызымен
Фото: Instagram.com/miras_kuralay_official

Белгілі әнші Мирас Бекжанов пен жұбайы Құралай Бекжанова қыздары Інкәрді ұзатып, ақ жол тіледі. Қызының ұзату тойында Мирас Бекжанов әкелік сезімге ерік беріп, көзіне жас алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші тұңғышының бойжетіп, өз шаңырағын құруға қадам басқанын ерекше толқыныспен қабылдаған.

Той барысында әнші қызына арнап ән орындады. Ән мәтінінде ол кеше ғана кішкентай қыз болып жүрген перзентінің бойжетіп, тұрмысқа шығып бара жатқанына әлі де сенер-сенбесін жеткізген. Әкесінің жүрекжарды әнін тыңдаған Інкәр де көзіне жас алды.

Кейін қалыңдықты әнші Жазира Байырбекова қолтықтап, күйеу жігітке қарай алып шыққан сәтте Мирас Бекжанов эмоциясын жасыра алмай, жылап жіберді.

Әке мен қыздың бұл сәті әлеуметтік желі қолданушыларын да бейжай қалдырмады.

Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, Мирас Бекжановтың қызына деген ықыласына сүйсінген.

“Қызыңыз бақытты болсын”, “Әкенің жүрегі ғой”, “Әкесі қызын қатты жақсы көреді”, “Әкесін көргенде өзі де толқып кетті” деген пікірлер жазылды.

Айта кетейік, бұған дейін Мирас пен Құралай Бекжановтардың шаңырағында Інкәрдің құдалық және сырға салу рәсімдері өткен еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 14 Тамыз, 2026 12:32