"Көптен күткен күн": Мирас пен Құралай қыздарының сырға салу тойын өткізді
Танымал әншілер Мирас пен Құралай отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Жұлдызды жұп қыздарының сырға салу және құдалық тойын өткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иелері көптен күткен қуанышты күннің абыроймен өткенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.
“Аллаға шүкір. Бүгін көптен күткен сырға салу, құдалық тойымызды абыроймен өткізіп алдық”, – деп жазды олар.
Мирас пен Құралай екі әулеттің басын қосқан қуанышты сәтте жанынан табылған ағайын-туыс пен жақындарына алғыс білдірді.
“Қуанышымызды бірге бөліскен барша ағайын-туысқа, жақын-жуыққа алғысымыз шексіз. Ақ тілектеріңіз бен ақ ниеттеріңіз қабыл болсын”, – делінген жазбада.
Сондай-ақ жұлдызды жұп құдалықтың берекелі болып, екі әулеттің сыйластығы арта беруін тіледі.
“Бүгінгі қуанышымыз берекелі болып, құдалығымыз мың жылдық, құдаларымыз сыйласымды болсын! Алла әр шаңыраққа осындай қуанышты күндерді нәсіп етсін”, – деп түйіндеді олар.
Еске салайық, бұған дейін жақында Мирас пен Құралайдың шаңырағында той болатыны хабарланған еді.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
