"Қыз мұраты кету": Жақында Мирас пен Құралайдың шаңырағында той болады

Қазақ эстрадасында тағы бір дүбірлі той өтпек. Жақында жұлдызды жұп Мирас пен Құралайдың қыздары қалыңдық атанады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иелері қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Кадрлардан әншілердің қыздары Іңкәрға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасағанын байқауға болады.
“Жол мұраты жету, қыз мұраты кету. Жақсы жаңалығымызбен бөлісіп жатырмыз! Бақытты бол, Іңкәрім”, – деп жазылған парақшада.
Желі қолданушылары мен эстрада жұлдыздары өнер иелерінің қызын жарыса құттықтап жатыр.
“Балапандар бақытты болсын”, “Сұлу қыз бақытты болсын”, “Жастар бақытты болсын”, “Інкәр қызға шын жүректен бақыт тілейміз”, “Бағы баянды болсын!” – деп жазды олар.
Айта кетейік, жұлдызды жұп бүгінде 4 бала тәрбиелеп отыр.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Мирас пен Құралай үйленген кезін еске алғаны хабарланған еді.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"