Әншілер Мирас пен Құралайдың қызы тұрмысқа шықты
Жұлдызды жұп Мирас пен Құралайдың шаңырағында той. Танымал әншілердің қыздары тұрмысқа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты жаңалықты тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Журналист жариялаған кадрларда өнер иелерінің қыздары күйеуімен бірге неке қию куәлігін ұстап, суретке түскен.
“Мирас пен Құралайдың шаңырағында той! Жұлдызды жұптың қызы тұрмысқа шықты. Құтты болсын!” – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін өнер иелері қыздарын ұзатуға дайындалып жатқанын хабарлаған еді.

