Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында әйел жаңа туған сәбиін әжетхана шұңқырына тастап, көміп кеткен

босанған әйел
Фото: Shutterstock/Fotodom.ru

Түркістан облысының Сайрам ауданында жаңа туған сәби қаза тапты. Сот материалдарына сәйкес, әйел жүктілігін туыстарынан жасырып, медициналық есепте тұрмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысының Сайрам ауданында жаңа туған сәбиін өлтірді деп айыпталған әйелге сот үкімі шықты. Әйел жүктілігін тоғыз ай бойы жақындарынан жасырып, босанғаннан кейін нәрестесін шұңқырға тастап кеткен.

Сот оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сот материалдарына сәйкес, әйел 2025 жылдың сәуірінде жүкті болған. Алайда емханаға есепке тұрмай, медициналық тексеруден өтпеген.

Тоғыз айдан кейін ол үйінің ауласындағы дәретханада тірі сәби босанған.

Облыстық соттың баспасөз қызметі болған жағдайд түсіндірді.

"Босанғаннан кейін ол жаңа туған нәрестені шұңқырға тастап, оның өмірін сақтап қалу үшін ешқандай шара қолданбаған. Баланың дүниеге келгенін жасыру мақсатында ауладан құм, тас және топырақ алып, шұңқырда жатқан нәрестенің үстін жапқан. Нәресте қайтыс болды", – деп мәлімдеді сот.

Сот әйелді Қылмыстық кодексінің 100-бабының 2-бөлігі "Ананың жаңа туған баласын өлтіру" бойынша кінәлі деп таныды.

Істің мән-жайын ескере отырып, сот оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада тұрғындар кәріз құбырынан жаңа туған сәбиді тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, нәресте жақын маңдағы қонақүйдегі дәретханада дүниеге келген. Тұрғынның айтуынша, қонақүйге келген әйел босанғаннан кейін сәбиді ортақ кәріз жүйесіне тастап кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, тексеру жүргізген. Астана қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша Алматы аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Қылмыстық іс аясында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Айым Атамбаева
Жұма, 14 Тамыз, 2026 12:36