Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді
Қостанай облысының экономикалық соты облыс орталығының әкімі Қостанай-Рудный бағытына қызмет көрсететін кәсіпкердің үстінен түсірген талап-арызды қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қостанай қаласының әкімі мен жеке кәсіпкер Б-ға қатысты жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартты бұзу жөніндегі талап-арыз бойынша азаматтық істі қарады.
Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттегені белгілі болды.
“Келісім шарттарына сәйкес, жеке кәсіпкер №120 Қостанай – Рудный бағыты бойынша 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін қызмет көрсетеді", – делінген сот хабарламасында.
Ал 2027 жылы 1 қаңтардан бастап келісімшарт екі тараптың келісімімен тоқтатылады.
"Жауапкер сондай-ақ шарттың тоқтатылуына сот тәртібімен дау айтпауға және оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін талапкерге мүліктік әрі қаржылық талаптар қоймауға міндеттелді. Ал талапкер шартты бұзу туралы талабынан бас тартты", – деп нақтылады сот.
Сот келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатты. Осылайша, №120 Қостанай – Рудный бағыты 2026 жылдың соңына дейін жұмысын жалғастырады.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"