Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы аудиторлық палата Назарбаев зияткерлік мектептерінің бюджетін тексерді

Жоғары аудиторлық палата "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және еліміздің төрт облысында бюджеттерді, сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: nis.edu.kz

2024 жылдың 2-тоқсанында ҚР Жоғары аудиторлық палатасы көлік, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында, республикалық бюджеттің есептілігі бөлігінде, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша аудиторлық іс-шараларды аяқтайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында 2022-2023 жылдарға арналған бюджеттерге аудит жүргізілді. Бұдан бөлек "ӘМСҚ КеАҚ және Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметіне баға беріледі.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтап жатыр. Атап айтқанда, аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды.

2-тоқсанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңі аяқталды. Аудит қорытындысы бойынша баға белгілеуді реттеудің тиімділігіне, отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына және "СК-Фармация" ЖШС бірыңғай дистрибьютерінің сатып алу рәсімдеріне баға беріледі.

2023 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендірудің мемлекеттік аудиті шеңберінде:

  • Қытаймен "айна статистикасындағы" алшақтықтарды азайту жөніндегі шаралардың нәтижелігін;
  • Корпоративтік табыс салығы бойынша автоматтандырылған камералдық бақылаудың тиімділігін;
  • Мемлекет бюджетіне салықтық түсімдерді ұлғайту жөніндегі шаралардың толықтығына және т.б. бағалау жоспарланған.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары мемлекет басшысына ұсынылады.

Талқылау