Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жыныс мүшесін ұстаған": Алматыда мәйіттерді зорлаған күзетші қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Алматыда мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты сот үкім шығарды. Сот айыпталушыны “есі дұрыс емес” деп тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/kozachkow

Мәйітхана күзетшісі бірнеше рет марқұмдардың денесін қорлады деп айыпталды. Оның мәйіттердің жыныс мүшесін ұстап, бұл әрекетін видеоға түсіргені анықталды. 

“Іс материалдарына сәйкес, Б. созылмалы психикалық ауытқушылықпен ауырады (2024 жылғы 24 маусымдағы сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысы) және 2023 жылғы сәуірден 2023 жылғы қазанға дейінгі кезеңде мәйітхана ғимаратында бірнеше рет мәйіттердің денелерін қиянаттады және ол ұялы телефонына осының барлығын видеоға түсіріп алған”, – делінген хабарламада.

Сот айыпталушыны “есі дұрысы емес” деп тапты. Осы себепті қылмыскер қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 

“Қылмыстық кодекстің 16-бабының (Есі дұрыс еместік) негізінде Б.-ны 314-баптың 2-бөлігінің 1-тармағында (Өлгендердің мәйіттерін және олардың жерленген жерлерін қорлау) қылмыстық жауапкершіліктен босатып, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылсын. 91 және 93-баптарға және сарапшылардың қорытындысына сәйкес, ер адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық шараларды қолдану ұсынылды”, – деді судья.

Сот сараптамасы Б-ның өз іс-әрекетін жасау кезінде есі дұрыс болмағаны және созылмалы психикалық ауруына байланысты өз іс-әрекетінің мәні мен қоғамдық қаупін түсінбегені, оны басқара алмағаны туралы қорытындыға келді.

Сотталушы психиатриялық стационарға мәжбүрлі түрде ем алуға жіберілді.

Бұған дейін Алматыда мәйіттерді зорлады деп айыпталған күзетшінің ісі тоқтатылған еді. 

Еске салсақ, Алматыда некрофилияға күдікті азаматтың ұсталғаны осы жылдың сәуір айының соңында белгілі болды. Бірнеше күннен кейін әділет министрлігі жағдайға түсініктеме беріп, күдіктінің сот сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасы жоқ екенін мәлімдеді. Ведомство өкілі мәйітханада күзетшінің 2022 және 2023 жылдары тендерді жеңіп алған жеке компанияда жұмыс істегенін айтты.

Талқылау