Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларымды тастамаймын": Блогер Айтуған Ғалымов экс-жұбайының сөздеріне жауап берді

Айтуған мен Ильнура Ғалымовтар
Фото: Instagram.com/ilnuranuranbekova

Блогер Айтуған Ғалымов бұрынғы жұбайы Ильнураның мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол балаларынан ешқашан бас тартпағанын айтып, отбасындағы жағдайға қатысты өз нұсқасын жеткізді.

“Мен балаларымды тастамаймын. Ешқашан бас тартқан емеспін. Ешқашан ешкімге жәудіреткен емеспін. Ақиқат менде. Сәл сабыр сақтау керек, жұмыс істеп, қарыздардан құтылу керек”, – деп жазды ол.

Одан кейін блогер экс-жұбайының “үш баламен жалғыз қалдым” деген сөзіне де ишара жасаған.

Айтуғанның сөзінше, бес жылдық отбасылық өмірінде Ильнура қаржылай таршылық көрмеген. Ол әйелінің біліміне, жеке қажеттіліктеріне және кәсібіне ақша салғанын мәлімдеді.

“Бес жыл отбасы болған болсақ, Ильнура ешқашан ақшадан тарлық көрген емес. Біліміне де, өзіне де, бизнесіне де, қарызда жүріп болсын ақша салдым. Оны жұрт көрсін деп әр нәрсені видеоға түсіріп жүрмеймін”, – деді блогер.

Сондай-ақ ол отбасындағы кейбір жайттарды кейін білгенін меңзеді.

“Мен білсем, алмас едім. Ондай тәуекелге бармас едім. Өте мықты әйел болды. Қалай біліп қалдым, солай беташар болды. Күн сайын күмәнмен жүрдім. Менен басқа адамның барлығы білген”, – деп жазды ол.

Айтуған Ғалымов жазбасында балалары туралы да айтып, олардың амандығын тілеген.

“Балаларым аман болсын. Тәп-тәтті Әли ұлымның тұсауын Нұрсұлтан ұстазға кестірттім. Айла қызым өте ақылды, Айрисім кәмпитім ғой менің”, – деді блогер.

Кейін жариялаған видеосында ол балаларымен уақыт өткізуге бара жатқанын жеткізді.

“Балаларымды Алла разылығы үшін таратпай тұрғанда барып көңіл бөлейін”, – деп жазды ол

Айтуған Ғалымовтың жазбасы
Фото: Скриншот

Еске салайық, бұған дейін Erkewoka лақап атымен танылған Әсем әлеуметтік желідегі парақшасында сырға салу және ұзату тойынан кадрлар жариялап, тұрмысқа шыққанын хабарлаған еді. Кейін желі қолданушылары оның таңдауы әйелі және үш баласы бар блогер Айтуған Ғалымов екенін анықтап, бұл жаңалық қызу талқыға түсті.

Көп ұзамай Айтуған Ғалымовтың өзі де екінші рет үйленгенін жасырмай, екі отбасы бар екенін ашық мәлімдеді.

“Иә, менің екі отбасым бар. 15 миллион теңге қарызым бар, Аллаға шүкір! Кім не десе де, мен Алламен шыншылмын. Қандай болсаң да, адамға бәрібір жақпайсың”, – деп жазған еді блогер.

Артынша ол екінші жар алу туралы шешімін исламда бұған рұқсат етілгенімен түсіндірді. Ал Айтуғанның бірінші жары Ильнура Ғалымова кейін Әсеммен бірге түскен видеосын парақшасында жариялап, көп ұзамай өшіріп тастаған.

Ал жақында Әсем өзінің жүкті екенін де жариялады.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 05 Қазан, 2026 16:45