"Ол орталықтың қызметкері емес": Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді
Әділет министрлігі Алматы мәйітханасында болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/kozachkow
Полицейлер мәйіттерді зорлаған мәйітхана күзетшісіне қатысты тергеуді бастады.
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, күдіктінің сот сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасы болмаған.
"Ол әділет органдарының қызметкері емес. Келісім бойынша мәйітхананың қауіпсіздігін "Ayat Security" ЖШС жүргізген. Бұл азамат аталған ЖШС-нің мәйітханасының күзетшісі болып жұмыс істеген", – деді Талғат Уәли.
Некрофилияға күдікті азаматқа қатысты "Өлгендердің денесін қорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салсақ, Алматыда мәйітхана күзетшісі мәйіттерді зорлап, оны видеоға түсіргені айтылды.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады