"Жыланнан жұққан вирус": Қытайда коронавирустан 54 адам көз жұмды
Қытайда жаңа короновирустың құрбандарының саны 54 адамға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ мәліметінше, Хубэй провинциясында тағы 13 адам көз жұмып, 323 адам вирус жұқтырды. Мұның алдында 41 адамның көз жұмып, 1 372 жанның жұқтырғаны туралы хабарланған еді.
Уханда белгісіз пневманияның өршігені туралы 31 желтоқсанда белгілі болды. Мамандардың анықтауынша, аурудың өршуіне короновирустың 2019-nCoV атты жаңа типінің пайда болуы себепші болған.
Алғаш вирус теңіз тағамдарынан табылған. Яғни ол қытайлықтар көп тұтынатын жыланнан жұққан болуы мүмкін. Артынша вирустың адамнан адамға таралып жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ, бұл вирусты Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия, Малайзия және Канадағылардың жұқтырғаны анықталды.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"