Жиырма еселеп қайтарады: Қазақстанда жемқорларға қатысты жаза қатаңдатылады
Енді елімізде жемқорлар пара ретінде алған ақшасын 20 еселеп қайтарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Пара алушылар мен берушілерге де жаза қатаңдатылады.
Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң жобасы қазір ашық үкімет порталында талқыланып жатыр.
Параны мүлік ретінде алған азаматтар сол мүліктің құнын төлейді немесе 1200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ жаза ретінде бес жыл мерзімге бас бостандығы шектеу және сол мерзімге абақтыға қамау қарастырылған.
Қазіргі заң бойынша пара алушыларға тек бес мың АЕК, яғни 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салынады.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған