Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу әкімдігі Кемел Тоқаев бейнеленген медальдарді сатып алудан бас тартты

Әлеуметтік желіде көтерілген шудан кейін Қаратал ауданының әкімдігі Кемел Тоқаевтың 100-жылдық мерейтойына орай медальдарды әзірлеуден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Күні кеше Stan.kz агенттігі Жетісу облысы Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімі Президенттің әкесі - Кемел Тоқаевтың ғасырлық тойына 1,4 миллион теңгеге белгілі жазушы бейнеленген медальдарді әзірлеуді жоспарлаған еді.

Алайда, әлеуметтік желіде қазақстандықтар бұл бастаманы қолдамай қатаң сынға алды. Қаратал ауданының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, мемлекеттік сатып алу процесі тоқтатылды. 

"100-жылдық мерейтойды ұйымдастыру және қаржыландыру Кемел Тоқаев атындағы ұйым арқылы жүргізіледі. Сол себепті конкурс мемлекеттік сатып алу сайтынан алынды" - дейді әкімдік өкілдері. 

Медальден бөлек, жергілікті билік өкілдері Кемел Тоқаев бейнеленген кілемдер сатып алмақшы болған. Бұл ойларыда қазақстандықтардың ойына шықпай, сатып алу ресми түрде тоқтатылды.

Талқылау