"Жетінші рет ота жасады": Құрманай Бақтиярдың денсаулығы тағы да сыр берді
Танымал сазгер, композитор Құрманай Бақтиярқызының денсаулығы сыр беріп, ота жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөз
Соңғы кезде өнер иесі жиі отаға түсіп жүргенін жасырмады.
“Алланың Құдіретінің шексіздігіне айқын көз жеткізген сынақ болды. 99/1 пайыз соңғы үмітпен жетінші реота жасалды. Төрт күн өту керек, сол уақыттан өтсек бәрі артта қалады деген еді дәрігер. Оны естіген достарым барлығына дайын болды. Мынау жарық дүниені менсіз елестете алмайтын жан досымның сағынып көріскен, қуанышы”, – деп жазды сазгер.
Одан кейін сазгер оқырмандарымен сырласа келе, отаның көп жасалуы дәрігер қателегі екенін де айтып өтті.
“Дәрігер қателігі болса да, мен Алланың берген сынағы деп білемін. Қай дәрігер жаман ойлайды. Дәрігерімнің өзі “в шоке” болды” деп жазды композитор. Желі қолданушылары сүйікті авторының тез сауығып кетуін тілеп жатыр.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады
Алматыда Непалдағы ауқымды сел тасқыны қайталануы мүмкін бе: Сарапшылар қауіпті бағалады
Сарапшы Ақсай бөгеті құрылысының тоқтап қалғанына алаңдаулы