Қазақстандық семсершілер тарихи лицензияға қол жеткізді
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өткен әлем кубогі кезеңінде Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Грузия астанасы Тбилисиде өткен әлем кубогі кезеңінде әлемнің 60 елінен жиналған спортшылар рейтингілік ұпай мен Париж олимпиадасының жолдамасы үшін тартысқа түсті. Бұл бәсекедегі Қазақстанның басты қарсыласы болған Оңтүстік Корея 1/8 финалда Чехия құрамасынан ұтылып, Қазақстан командасынан 26 ұпайға қалып қойды. Осылайша, семсерлесуден Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет командалық сында олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.
Айта кетейік, Тбилисидегі шешуші сында Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов төрттігі Олимпиадаға лицензия иеленді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"

