Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеңісті сыйға алды": Спорт журналисі Канелоның жеңісін "әділетсіз" деп бағалады

Boxingnews24.kz басылымының журналисі Шон Джонс Сауль "Канело" Альварестің спорттық мансабын талдай келе, жеңістерін сынға алды. Ол 2018 жылы Головкинге қарсы өткізген жекпе-жектегі жеңісін әділетсіз екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Канело

"Канело" мен Головкин арасында екі кездесу өтті. Алғашқы жекпе-жекте қос спортшы теңдей түссе, екіншісінде Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. 



"Канело" соңғы рет Флойд Мэйвезерден 2013 жылы жеңілген. Калеб Плант та стиль тұрғысынан Мэйвезерге ұқсайды. Әрине, Альварестің Эрисланди Лара мен үш жыл бұрын Головкинді жеңуін даулы деп есептесеңіз де болады. Бәлкім, бұл – кездесу жайлы дәл көзқарас. "Канело" жеңілді, бірақ сүйікті қаласы Лас-Вегаста жұдырықтасқандықтан және "А командасының" жақтасы болғандықтан, оған жеңісті сыйға тартты", – деп жазды ол. 

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін Токио қаласында, 29 желтоқсан күні WBA нұсқасы бойынша чемпион Риота Муратаға қарсы өткізбекші. Бұл Генадийдің DAZN стримингтік сервисімен жасаған жаңа келісімшарты негізіндегі алғашқы кездесу болмақ.
 

Талқылау