Головкин дайындық лагеріндегі суреттерімен бөлісті
Бокстан орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпион Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) дайындығы кезіндегі суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы Instagram парақшасында дайындық лагеріндегі фотосуретін жариялаған. Головкин жекпе-жекке дайындығын АҚШ-тың Калифорния штаты, Big Bear лагерінде жалғастырған.
Генадий Головкиннің келесі кездесуі Жапонияда WBA Super нұсқасы бойынша чемпион Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы желтоқсанда өтеді деп күтілуде.
Айта кету керек, 35 жастағы Муратаның соңғы кездесуі 2019 жылы өткен. Бұл кезде ол Стивен Батлермен кездесіп, өз чемпиондық белбеуін қорғаған еді.
Қазақстанда кәсіпкерлердің жұмысы жеңілдей ме: Жаңа мораторий не өзгертеді
Заңгер: "Жаңа мораторий енгізілсе, кәсіпкерлерге түсетін жүктеме тағы да азаяды"
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі