"Қазір ол қайда? Жекпе-жектен кейін ол маған не істеді?": "Канело" үшінші кездесу туралы сұраққа жауап берді
Бокстан орта салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес Генадий Головкинмен үшінші кездесу өткізуге қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Чемпионат" сайтына сілтеме жасап.

Канело Головкинді ұлы боксшы деп атады
"Мен барлығына дайынмын. Үздік жекпе-жектер өткізуге дайынмын. Сендер, журналистер, тек үшінші кездесуді ғана сұрайсыңдар. Мен одан да маңызды істермен шұғылданып жатырмын. Ол қазір қайда? Жекпе-жектен кейін ол маған не істеді? Ештеңе.
Мен бұған уақыт жұмсай алмаймын. Мансабымдағы маңызды нәрселермен айналысып жатырмын. Чемпиондарды, ешқашан жеңілмеген боксшыларды жеңудемін", – деп айтты Канело.
Айта кетейік, Альварес 6 қарашада Калеба Плантаға қарсы жекпе-жек өткізіп, әлемнің абсолютті чемпионы атағына таласады. Бұған дейін Канело мен Генадий Головкин екі кездесу өткізген.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге