Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда TikTok-тағы тікелей эфирде балағат сөз айтқан 18 жастағы қыз айыппұл арқалады (видео)

Күдікті
Фото: Видеодан скрин

Талдықорғанда TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан 18 жастағы қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында құқықбұзушылықты анықтаған. Талдықорғандық қыз TikTok-тағы тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткен.

"Тиісті материалдар заңды шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды. Сот шешімімен қызға 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды", – делінген полиция хабарламасында.

Полиция интернет кеңістігінде де заң талаптарын сақтау қажет екенін ескертті.

Полицияның мәлімдеуінше, әлеуметтік желілерде, соның ішінде тікелей эфир кезінде жасалған құқыққа қайшы әрекеттер үшін де заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық әйел қызы TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026 19:15