"Сандырақтап отыр": Аида Сатыбалдина Серік Сапиевтің Альберт Линдер жайлы сөзіне пікір білдірді
Қазір АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Серік Сапиевтің сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сапиевке менің айтқаным ұнай ма, ұнамай ма, маған бәрібір. Отбасыда үлкен қайғы, ал ол сандырақтап отыр. Альбертке қатысты оқиғаға араласып, пікір білдірмеуі керек еді. Демек, барлық ауыр атлеттер Седовқа жала жауып, өтірік айтқаны ғой. Сандырақ емес пе", – деп жазды Аида өз Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Динара Сатжанға берген сұхбатында Серік Альберт Линдердің өліміне қатысты ойын айтқан. Ол Линдердің өз-өзіне қол жұмсауы спорт және оның жаттықтырушымен қарым-қатынасымен байланысты емес деген еді.
Бұл жағдай туралы Альберттің інісі Семен Линдер де пікір білдірген.
"Сен боксты да ретке келтіре алмадың. Седовты жақтап отырсың. Ұят емес пе?", – деп жазды Семен Линдер.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ