Алматы облысындағы ауылда ішімдіктен бас тартқан соң бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Төле би ауылының тұрғындары ішімдіксіз өмір салтын қолдады. Қазір өңірдегі бұл бастамаға барлығы 24 елді мекен қосылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Ішімдік сатудан бас тартқан тоғыз ауылда соңғы үш жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген”, – деп мәлімдеді полиция.
Төле би ауылы жаз мезгілінде таулы аймақтарда серуендегенді ұнататын туристер арасында танымал. Алайда қазір бұл ауылдан алкоголь сатып ала алмайсыз. Жергілікті кәсіпкерлер де бастаманы қолдап, дүкен сөрелерінен спирттік ішімдіктерді алып тастаған.
"Басқа ауылдардың тәжірибесіне қарап, біз де солардан үлгі алуды жөн көрдік. Қазір ауылда ішімдік ішетіндер өте аз. Көшеде мас адамдарды кездестірмейсің. Ауылда жеті дүкен бар, олардың ешқайсысында тіпті темекі де сатылмайды", – дейді Төле би ауылының тұрғыны Амангелді Сахиев.
Еңбекшіқазақ ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары Біржан Бекзаттың айтуынша, Төле би ауылында шамамен 1,5 мың адам тұрады. Елді мекен алкогольсіз ауыл мәртебесін алғаннан бері мұнда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұдан бөлек, Қырбалтабай және Алмалы ауылдарының тұрғындары да бастамаға қосылып, алкогольсіз елді мекен мәртебесін алды.
"Қара түсті Mercedes-ке мінгендер аман оралмады": 11 әйелді тонап, зорлап, өлтірген таксистер қалай ұсталды
Марқұмдардың алтын бұйымдарын, ақша мен қымбат заттарын алып Ташкент базарында сатқан
Қазақстанда кәсіпкерлердің жұмысы жеңілдей ме: Жаңа мораторий не өзгертеді
Заңгер: "Жаңа мораторий енгізілсе, кәсіпкерлерге түсетін жүктеме тағы да азаяды"