Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында Apple, Puma мен Hugo Boss брендтерінің жалған өнімдері сатылып келген

жалған сатылған puma hugo boss
Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысында Apple, Puma мен Hugo Boss брендтерінің жалған өнімдерін сатып келген 16 адам жауапқа тартылды. Бренд өкілдерінің шағымынан кейін тексеру басталып, олардың заңсыз екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тексерулер бренд өкілдерінің шағымынан кейін басталған. Нәтижесінде 16 құқық бұзушы жауапқа тартылып, сот оларды жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асатын айыппұл төлеуге міндеттеді.

Танымал брендтердің атауын пайдаланып, жалған өнім сатқан 16 адам Жамбыл облысында жауапқа тартылды. Биыл тоғыз айда өңірден Apple, iPhone, AirPods, Puma, Hugo Boss және Splat белгілері бар 504 тауар тәркіленген. Олардың жалпы құны 2 миллион теңгеге жуық.

Сонымен қатар өңірде жалған тауарлар саны артқан. Былтырғы жылдың осы кезеңінде 403 өнім тәркіленсе, биыл олардың саны шамамен 25%-ға өскен.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 29 Қазан, 2026 09:28