Желіде Роза Рымбаевамен түскен даулы селфи жарияланды
Роза Рымбаева итеріп жіберген жігіт әншімен селфи жасап үлгерген. Желіде даулы сәттің фотосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ал бұл аралықта желіде Рымбаевамен түскен селфи жарияланды. Халық әртісі қарсылық білдірсе де, жас жігіт онымен суретке түсіп үлгерген. Көпшілік фотоны қызу талқыға салды.
"Түсіп үлгеріпті ғой, жап жас балаға сонша сөйлегені несі?", "Бүйтіп түскен селфиі құрысын", "Енді Розамен ешкім суретке түспейді халықтың махаббатын сезінбес", "Сахнада өлең айтып тұрған адамға несі бар жүгіріп? Әр нәрсенің орны бар ғой. Өлеңін бітірген соң түссін. Этикет болу керек", "Бала байғұс түскеніне өкініп қалды ғой", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты