AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртасты ұлымен бірге көрген жұрт қуанып қалды 

Соңғы кездері жеке өмірі жиі талқыға түсетін Қайрат Нұртас ұлының туған күніне қатысып, жұртты қуантып қойды. Әкесі мен баласының қауышқан сәтін Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өткен аптада Қайраттың екі бірдей баласы туған күнін тойлады. Әншінің екінші қызы Алау 13 жасқа, ал ұлы Нарұл 11 жасқа толды. Ұл-қыздарының туған күндерінде Нұртас әулеті жаңа келін түсіріп жатты. Ал Қайраттың өзі келінінің ұзату тойына қатысып, құдалық кезінде гастрольде жүрді.

Есесіне демалыс күні ұлының туған күніне қатысты. 11 жасқа толған Нарұл жеке мерекесін футбол алаңында достарымен бірге атап өтті. Оның туған күніне достарынан бөлек, әкесі Қайрат пен ағалары Аян мен Заңғар келді. Көпшілік Қайратты ұлымен бірге көріп, қуанып қалғандарын жеткізді. 

"Бірге бақытты болыңыздар", "Сіздер үшін қуаныштымын, осылай достасып кетесіздер", "Неткен керемет, балаларды әкесінен айырмаңызды, өтініш", "Бала үшін ата-ананың бірге болуы қандай бақыт", "Халық тынышталып қалатын болды-ау мынаны көріп", – деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова балаларын әкесінің туған күніне жібермеген еді. Кейін актриса бұл әрекетін түсіндірді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр