Желіде оралдық кәсіпкерді айуандықпен өлтірген сәттің видеосы таралды
Оралда кәсіпкерді айуандықпен өлтірген сәттің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде кафеде бизнесмен Еркін Мұсанғалиевке шабуыл жасаған сәттің видеосы тарап кетті. Кадрдан күдіктілердің бірінің оның мойын тұсына бірнеше рет пышақ жарақатын салғанын байқауға болады.
Кәсіпкер жараланса да, терезеден секіріп қашқан. Алайда күдіктілер оны қуып жетіп, ақыры өлтіріп тынған.
Бүгінде Мұсанғалиевті өлтірді деген азаматтарды БҚО полициясы толық құраммен іздеп жатыр.
Оралда танымал кәсіпкерді өлтіріп кетті – Күдіктілердің кім екені белгілі болды
Бұған дейін Оралда бірнеше дәмхана мен мейрамхананың иесі – танымал бизнесменнің денесі табылғанын жазған болатынбыз.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті