Желіде Мөлдір Әуелбекованың "қайтыс болғаны" жөнінде ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде Мөлдір Әуелбекованың "қайтыс болғаны" жөнінде ақпарат тарады. Әнші ақпараттың жалған екенін айтып, өзі үшін уайымдаған жандарға хабарын берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін күні бойы мені уайымдап, хабарласып жатқандарыңызға рахмет. Аллаға шүкір, тірімін! Осындай жалған ақпарат таратқандарға дауа жоқ!
Аллаға шүкір аман-сау, той тойлатып жүрмін", – деп бөлісті Әуелбекова.

Айта кетейік, желіде қаралым жинап, оқырмандар санын арттыруды көздейтін мұндай алаяқтар бұған дейін де танымал жұлдыздарды "өлтірген". Саят Медеуов, Роза Рымбаева, Ерке Есмахан және т.б. әншілерге қатысты дәл осындай ақпарат тараған болатын.
"Соның кесірінен "Камриімнен" айырылып қалдым": Әуелбекова экс-күйеуіне қалай алданғанын айтты
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"