Желіде Маңғыстаудағы Қаракөл көліне қонған қызғылт қоқиқаздардың видеосы пайда болды (видео)
Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне қызғылт қоқиқаз қонды. Сирек кездесетін құстардың видеосын блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram парақшасына жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогердің айтуынша, биыл қоқиқаздар көлде ұзақ уақыт тұрақтаған.
"Бұл жылы қоқиқаздар өз уақытынан тым кеш келді. Мұнша көп қоқиқазды желтоқсан айында кезіктіремін деп ойламаппын", - деп жазды ол.
Ал желі қолданушылары осындай сұлулықты көрсеткен блогерге ерекше алғыстанын білдірді.
"Азамат, шексіз сұлулықты көрсеткенің үшін көп рақмет!", “Қандай керемет көрініс, қарап отыра бергің келеді”, “Мына ғажапқа көзім тоймай отыр”, “Неткен сұлу көрініс!”, - деп жазды олар.
Қазақстанда бұл таңғажайып құстар, әдетте, сәуір айының соңында келіп, қыркүйек-қазан айларында ұшып кетеді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен