Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеке фотосуреттері үшін 500 мың теңге: Қызылорда облысында желіде ер адамдарды бопсалаған бір топ әйел ұсталды

Қызылорда облысында бір топ әйел желі арқылы жалған аккаунттармен сөйлескен ер адамдарды бопсалаған. ҚР ІІМ олардың ұсталғаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

телефон

Хабарламаға сәйкес, полицияға ер адам арызданған. Аталған факті бойынша Қызылорда облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде облыстың үш тұрғыны ұсталды.

"Сәуір айынан бері белгісіз әйелдер ер адамдарға хат жазып, жеке фотосуреттері үшін одан 500 мың теңге талап етіп бопсалаған. Олар Facebook әлеуметтік желісінде жалған аккаунт ашып ер адамдадың сөйлескен жазбаларын сонда салып, беделін түсіремін деп қорқытқан. Ал үндемеу үшін ақша бопсалаған. Жалпы, бопсалаушылардың сегіз құрбаны белгілі. Бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі бойынша тергелуде.

"Екі күдікті қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал үшіншісіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас басқа да фактілерге қатыстылығы анықталуда", - деп қосты полицейлер.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 27 Маусым, 2023 16:35