Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазираның кәсібі жайлы Жанболат: Әйел адамға берген қаржың ешқашан қайтпайды

Жанболат пен Жазира әншілікпен қатар бірнеше кәсіпті дөңгелетіп отырған жұлдызды жұп. Жазира бірнеше кәсіптен ашкөздікпен пайда көргісі келмейтінін айтып қалды,-деп жазды Stan.kz.

Жазираның сөзінше  сахналық киімдерін жалға беру, сұлулық салондарын ашуына қарапайым келіншектердің ұсынысы себеп болған.

«Менің киімдеріме қарап «Бізге мұндай киімді кию қайдан бұйырсын, бағасы тым қымбат қой» деген сияқты пікір қалдыратын келіншектердің жазбасын жиі көремін. Осыдан кейін өзім киген киімдерді арзан бағада жалға беруге болады деген қорытындыға келдім.

Міне  дәрігер, мұғалім болып істейтін ханымдар мерекелік кештерге осы киімдерді киіп, армандары орындалып жатқан жайы бар. Ал сұлулық салонымда өзім көбінде сахнаға, тойларға әрленемін. Одан қалса құрбы-құрдастарымды»,-шақырамын деп күлді Жазира.

Осы тұста бағдарлама жүргізушісі Аша Матай да Жазира мен Жанболаттың өте жомарт жандар екенін айта өтті.

«Ия, расында да Жазира мен Жанболат ағаларымыз өте қолы ашық адамдар. Мені де салондарына жиі шақырады. Негізі мен біреудің затын тегін пайдалануға ұяламын. Сондықтан «барамын» деп айтқаныммен бармай қалатыным бар»,-дейді Аша Матай.

Ал Жанболат болса бұл кәсіптер үшін келіншегіне берген қаржының бір бөлігін де қайтып сұрамайтынын айтады.

«Кәсіп деген әрине жақсы. Қосымша ақша ешкімге де артық емес. Артық болса ел көріп, жер көргенге не жетсін. Бірақ Жазираның кәсібіне берген қаржы қайтты деп айта алмаймын. Негізі әйел адамға берген ақша қайтпайды ғой. Өзіне сол жетсе де қуанған жөн»,-деп күлді  Жанболат.

Оқи отырыңыз:

Мейрамбек Бесбаев жазушы Қали Сәрсенбайдың хатына жауап берді

Ішімдік, казино, қыздар: “Алау” тобының жаңа бейнебаяны сынға ұшырады (видео)

Отандық жобаға қатысқан Қайрат Түнтеков көрерменмен жылап қауышты (видео)

Жүрек айнытатын шоу: Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын сынап тастады

Талқылау