Жазира Байырбекова “тойдан шықпайсың” деп сынағандарға жауап берді (видео)

Жазира Байырбекова әншілерді жылқыға ұқсататынын, киелі жануар сияқты әншінің де түр-түрі болатынын айтты. Ол өзін күнделікті тұрмыс-тіршілікте пайдаланылатын жылқыға теңеді.

байырбекова жорабаева 240517

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші үлкен сахнадан қарағанда ел алдында жүргенді мақтаныш санайтынын мәлімдеді. Ол “тойдан шықпайсың” деп сынайтындарға жауап берді.

«Мен өнер адамдарын жануарлардың ішіндегі жылқыға ұқсатамын.
1) Кей әнші бәйгеге қосатын тұлпардай конкурстарға арналған.
2) Кей әнші циркте ойнайтын, көрмеде тұратын қызығып қарау үшін жаралған жылқыдай.
3) Кей әншілер ауылда күнделікті тұрмыс тіршілікке пайдаланылатын жылқыға ұқсайды.
Бірақ жылқының қай түрі болса да қазаққа керек. Мен өзімді үшінші нұсқаға теңеймін. Маған конкурстарға бару, үлкен тұлғалардың алдында ән салу міндетті түрде емес. Мен көрермен, саxна, xалық таңдамаймын! Мені ән айтуға шақырған жердің бәрі мен үшін киелі! Менің өнер жолындағы мақсатым ұлтымыздың салт дәстүрін дәріптеп, жаңғыртып, жастардың тәрбиесін бұзбай, дұрыс жол көрсету.

Әрине тек сіздердің ақ баталарыңызбен осы жолды жалғай бермекпін! «Тойдан шықпайсың» деп ренжіген инста-достарыма жауап», – деп жазды Жазира Байырбекова.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымжан Молданазар велосипедтен құлап, ауруханаға түсті (фото)

Тест: Сіз расымен де Димаштың тыңдарманысыз ба?

Қытайлық фанаттары Димаштың туған күніне Астананың барлық LED экрандарын жалға алды

Скрипкашы Жамилә Серкебаева тыр жалаңаш суретін жариялады (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр