Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова аяғы сынған соң, амалсыз қыз ұзатқан (видео)

Жазира Байырбекова қыз ұзату тойларының ханшайымына айналғалы қашан?! Шыны керек, бүгінде ұзатылып жатқан қыздардың басым дені Байырбекованың әнімен шықсам деп армандайды, деп жазады Stan.kz.

Естеріңізде болса, бірнеше ай бұрын Жанболаттың Жазирасы аяғын сындырып алып, біраз уақыт ел көзінен тасада болған еді. Әнші аяғына гипс салынған күні, ұятқа қалмас үшін амалсыз қыз ұзатқанын айтты.

“Дәл осы тойда денем тоңып, денемде жаным жоқтай тұрғаным. Жүгіріп келе жатып баспалдақтан құлап аяғымды сындырып алғанмын. Ары қарай жүре алмайтынымды айтып едім, xалық алдына шығайын деп қобалжып тұрған қыздың одан сайын көңіл күйі түскенін көріп, 5 минуттай отырдым да, содан бар күшімді жинап, сынған аяқпен, биік өкшемен қызды алып шықтым.

Қалай ән айтып біттім аяғым бастырмай қойды. Жедел жәрдем көлігімен ауруxанаға барып сынғанын анықтап гипспен Алматыға қайттым. 2-3 айдан кейін алғаш саxнаға шыққаным да қызық болды. Ол туралы кейінірек айтып беремін. Бұл күндер де артта қалды. Қазір шауып жүрміз, аяғым жазылды Аллаға шүкір!” – деп жазды Жазира инста-парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Дастан: Бақыттымын, көптен күткен перзентім дүниеге келді

Айнұр Тұрсынбаева: Оқушы күнімде жұлдыз Мейрамбектің мені танитынын біліп жүрегім тоқтап қала жаздаған

Мақпал Жүнісова өзіне өмірлік серік іздейтінін жасырмады

Төреғали Еркеден кешірім сұрау үшін Әлқожаның әнін ұрлаған (видео)

Талқылау