Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Еркеден кешірім сұрау үшін Әлқожаның әнін ұрлаған (видео)

“Алло” әні жарыққа шыққан соң Төреғали мен Еркенің жұлдызы аспанға шарықтады. Клиптегі ғашықтар хикаясының халыққа ұнағаны соншалық, Баян Есентаева мен Төреғалидің әкесі оқиғаның жалғасы ретінде фильм түсіреміз деп жар салды. Алайда бұл қуаныш көпке созылмады. “Ерке Есмахан Төреғалидің арқасында танылды” деп мәлімдеген Төреәлі Төлеповтің сөзіне Еркенің продюсері шүйлігіп қалды, деп жазады Stan.kz.

Сөйтіп екі тарап ойда жоқта араз болып, біраз уақыт байланыстарын үзді. Әкесінің сөзі үшін кінәлі болып қалған Төреғали Еркеден кешірім сұраудың жолын іздеген. Сол шақта Әбдіжаппар Әлқожаның орындауындағы “Ерке қыз, кешір” әніне кезігіп қалған.

Бұл туралы Әлқожа КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында айтты.

“Төреғали Төреәлі Ерке Есмаханмен келіспей қалды дағы, шу болғанын білесіздер ғой. Сол кезде Төреғали маған звондап: “Әбдіжаппар, сенің осындай әнің бар ғой. Мен айтайыншы соны Еркеден кешірім сұрап”, – деді.

Төреғалиға: “Жаныңда Қайнар, Құрал деген мықты авторлар жүр ғой. Неге өзің тікелей ән шығара алмайсың? Менің репертуарымды қайтесің, шығарып алсайшы. Ертең өсекке қаламыз ғой”, – дедім”, – деп еске алды Әбдіжаппар Әлқожа.

Төреғали әріптесінің сөзімен келіскендей сыңай танытқан. Алайда дәл осы әнді қалаған ол Әлқожаның сыртынан дегенін жүзеге асырған.

“Мақұл деп қойды. Екі-үш айдан кейін авторы қоңырау шалып: “Әбдіжаппар, саған бергенімді білемін. Бірақ Төреғали айтса да қарсы емеспін”, – деді”, – дейді Әлқожа.

Әнімді Төреғалиға берсем, танымал болармын деп ойлаған автордың ойы жүзеге аспады.

“Ерке қыз” әнінің тағдыры солай. Бір шықпады ма, болды. Оны Төреғали, мен түгілі, Димаш Құдайбергенов айтса да шықпайды. Расы керек. Әннің бағы демек азғантай”, – деп түсіндірді Әбдіжаппар.

Әлқожаның кішісі бұл әрекеті үшін Төрешке ренжімейтінін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Дастан Оразбеков екінші рет әке атанды

Ерке Есмахан: Қалайда бай табуым керек

Мейрамбек Бесбаев 30 жылдық концертінен кейін дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Қытайдың ең бай бизнесмені Димашқа сыйлық берді

Талқылау