Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайық өзенінде 111 тоннадан астам балық қырылды: өлексені жинауға тұрғындар мен еріктілер де атсалысуда

Жайық өзенінде тонналап қырылған балықты жинауға қала тұрғындары мен еріктілер атсалысуда. Күн жылынса өлексенің мүңкіген иісі Атырауды алып кете ме деп қауіптенген олар бұл іске белсене кірісуде. Олардың күшімен 3 тоннадан астам өлі балық көліктерге тиеліп, осы факті бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркелген. Ал жалпы қазіргі таңда 111 тоннадан астам балықтың өлексесі жиналыпты.

Жайық өзенінде 111 тоннадан астам балық қырылды: өлексені жинауға тұрғындар мен еріктілер де атсалысуда

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Дегенмен, судан қанша сынама алынғанымен желбезектілердің жаппай қырылуына нақты не себеп болғаны әлі толық анықталмаған. 

Таңсәріден оянып, жұмысқа бел шеше кіріскен көпшілік түске дейін 20-қап өлі балықты өңгеріп тастады. Түстен кейін де сапқа өзге еріктілер қосылып, қаланың төрт бөлігін тазалап шықты.

 «Бұндай істі бірігіп тындыру әлемдік тәжірибеде бар. Мысалы, Мексика шығанағында мұнай төгілген кезде жағалауды өлі балықтан тазартуға жергілікті тұрғындар мен фермерлер қатысқан еді. Бүгін бізде де жұртшылық жағаға шығып, өзенді өлі балықтардан тазалауға ниет білдірді. Жайық жағасындағы қауіпсіздік шараларын ТЖ департаменті, «Арнаулы автобаза» өкілдері қамтамасыз етті. Жүздеген белсенді тұрғындар жағалауды өлі балықтан тазартуға қатысқаны қуантады",- дейді «Жайық-Каспий Орхус» орталығының директоры Шынар Ізтілеуова. 

Жағалауды өлі балықтан тазартуға құлшынғандардың қатары қалың. Сондықтан мамандар "өзеннің еріп жатқан қат мұзынан қауіп бар" деп еріктілерге арнайы нұқсау беріпті. Ал, кейбір тұрғындар еңбектенгендерге ас әзірлеп, қолдау көрсеткен. 

 «Қала тұрғындары да өздерінің белсенділіктерін білдіруде. Кейбір көмектесе алмайтын денсаулығы нашар адамдардың өздері де хабарласып, қолдарынан келгенше ыстық тағаммен, сумен жәрдемдесіп жатыр»,- деді азаматтық орталықтың басшысы Мейрамгүл Есениязова. 

Бүгін жиылған балықтың барлығы желтоқсан айында қырылған екен. Олардың жаппай қырылуының себебі әзірге белгісіз. Алайда, қазір Жайық өзенінен аптасына екі рет су сынамалары алынып, тексеріледі екен. Бірақ, халық арасында уланғандар жоқ, дейді жауапты орган өкілдері. 

"Бұл жұмыстар ары қарай да жалғаса береді. Бүкіл Жайықтың жағасындағы балықтар түгел жиналғанша. Тұрғындардың, қоғам белсенділерінің ұсыныстары бойынша областной акимат қабыл алып, сонымен қоса қауіпсіздік шарасын қамтамасыз еттік. Жаңағыдай төтенше жағдайлар департаменті сосын спецавтобаза мекемесі жаңағыдай өздерінің құрал-жабдықтармен, етіктермен, перчаткалармен қамтамасыз етті",- деді Балық шаруашылығы басқармасы басшысы Артур Садыбекұлы.

Бұдан былай қауіпсіздік сақтау үшін полиция қызметкерлері мен ветеринарлар балық өткізу пунктерін қатаң бақылауға алмақ.Ал, тазарту жұмыстары мұз толық ерігенге дейін жалғаса береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды әкімдігі жетім қыздан үйін тартып алмақ

Ксения Горшкова анасының үйі туралы бір жыл бұрын ғана білген

"Әулетіміздің әйелдері Жерді кері айналдырып жібереді": Туыстары құтқару жұмыстарын жалғастыруды талап етті

Альпинистердің тағы бір туысы олардың апталап ас-сусыз жүре алатынын айтты

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады