"Жаттығуға киген киімдері": Елдос Сметов әнші Төреғали Төреәліге сыйлық берді
Еліміздің олимпиада чемпионы, спортшы Елдос Сметов өнердегі досы Төреғали Төреәліні қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі спортшының үйінде қонақта болып, жеңісті күндеріне сәттілік тіледі.
“Саған Алла разы болсын. Бір-бірімізге деген қолдауымыз ешқашан бітпесін. Ақыреттік достар болайық. Маған өзі тапсырма берген ғой. Өзім жаттыққанда киген, өзімнің тер иісі сіңген киімдерімді ұлдарына сыйлағым келіп тұр. Қазақ ырымшыл халықпыз ғой", – деді Сметов.
Төреғали Төреәлі спортшы досына алғысын айтып, болашақта ұлдарының да чемпион болуын тіледі.
"Ұлдарыма жаттығуға киген киімдерін ырымдап беріп жатыр. Болашақта чемпиондардың әкесі болайын. Сіздер әумин деп қойыңыздар", - деп жазды әнші.
Еске салайық, Төреғали Төреәлі дзюдошы Елдос Сметовке ат мінгізген еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі