Дәрі-дәрмекке қол жеткізуден ESG стандарттарына дейін: Қазақстанның фармацевтика саласының өзгеру үрдісі
Бүгінде Қазақстанның фармацевтика саласының дамуы өндірісті оқшаулау мен цифрлық стандарттарды енгізуден бастап, инфрақұрылымды дамыту мен жеткізу географиясын кеңейтуге дейінгі бірнеше бағытты қамтиды.
Мемлекеттің осы сала алдына қойған міндеттері нарық қатысушыларының жұмысына тікелей әсер етеді. Қазіргі уақытта өндіріс пен жеткізілім көлемі ғана емес, дәрілік заттардың сапасы, логистика тізбегінің тұрақтылығы, өнімдерді цифрлық қадағалау және препараттардың халыққа қолжетімді болуы басты орынға шығып отыр.
Қол жеткізу логистикадан басталады
Дәрілік заттарды нақты алу мүмкіндігі денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мәселесінің бірі болып қала береді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 10 мыңнан астам дәріхана ұйымы жұмыс істейді, оның 2,7 мыңға жуығы ауылдық жерде орналасқан.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тұрақтылығы көбінесе дамыған инфрақұрылым мен тиімді дистрибуция жүйесіне байланысты. "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" компаниясы еліміздің барлық өңіріне дәрілік препараттарды жеткізуді қамтамасыз ете отырып, бұл жұмысқа отыз жылға жуық уақыт бойы үлес қосып келеді.

Қазір компанияның инфрақұрылымы Қазақстанның 14 өңірінде орналасқан және халықаралық GDP стандартына сәйкес жұмыс істейтін заманауи дәріхана қоймаларын, сондай-ақ GPP стандарттарына сай бөлшек сауда дәріханалар желісін қамтиды. Ассортиментте дәрілік заттардың 7 мыңнан астам атауы бар.
Осындай ауқымда басты шарт – препараттың өндірушіден қоймаға дейінгі және дәріханада тұтынушыға берілгенге дейінгі бүкіл жолында оның сапасын сақтау.
Компания "Адамға деген қамқорлықтың негізі – сапа" қағидатын жай ғана корпоративтік ұран емес, күнделікті жұмыстың негізі ретінде қарастырады. Халықаралық стандарттарды сақтау және көпдеңгейлі бақылау әлемдік жетекші фармацевтика өндірушілерімен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
Сапа мәдениеті компания ішінен де бастау алады. Бүгінде "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" компаниясында 1 500-ден астам адам еңбек етеді. Қызметкерлер тұрақты түрде оқудан өтіп, біліктілігін арттырады және кәсіби білімі мен дағдыларын шыңдап отырады.

Әрбір қаптаманың цифрлық бағдары
Бүгінгі таңда қызмет көрсету стандарттарын арттыру мен сапаны бақылауды логистиканы цифрландырусыз елестету мүмкін емес. "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" компаниясында дәрілік препараттарды тасымалдаудың негізгі кезеңдері автоматтандырылған. Тауардың келіп түсуі, оның қоймаларда сақталуы, сондай-ақ өнімді қоймалар мен логистика хабтарынан дәріханаларға жеткізетін рефрижераторларды қоса алғанда, арнайы көліктердің қозғалысы бүкіл жол бойы Компанияның бақылауында болады.
Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен бірігу дәрілік заттың сапасы мен түпнұсқалығын бақылауды қамтамасыз етеді. Ал сатып алушылар осы жүйеге қосылған Naqty Onim мобильді қолданбасы арқылы дәрілік затты тексере алады.

Адам – тұрақты даму стратегиясының негізі
Технология, инфрақұрылым және стандарттар негізінде кәсіби команда тұрғанда ғана тиімді жұмыс істейді. Сол себепті қызметкерлерге салынатын инвестиция қоймаларды жаңғырту немесе процестерді цифрландыру сияқты бизнестің тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігіне айналып келеді.
Жыл бойы компанияда спорт пен экология бағытында: марафондар, футбол және волейбол турнирлері, ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру сияқты іс-шаралар өтіп тұрады. Қызметкерлерге фитнес залдарға баруға арнайы шарттар ұсынылып, жеңілдік қарастырылған, бұл спортпен тұрақты түрде шұғылдануға мүмкіндік береді.
Қызметкерлердің тәжірибесі мен кәсіби үлесін лайықты бағалау – бөлек бір бағыт. Компанияда материалдық емес ынталандырудың "Таңдамалы жеңілдіктер" жүйесі жұмыс істейді.

Мұндай бастамалар нақты нәтиже береді: әртүрлі бөлімше қызметкерлеріне бір-бірін жақсырақ тануға көмектеседі, аумақтық тұрғыдан тармақталған үлкен компания ішіндегі бөлімшеаралық қарым-қатынасты нығайтады және қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын арттырады.
ESG стратегиядан күнделікті тәжірибеге көшеді
ESG саласындағы жүйелі жұмыс компания дамуының ерекше кезеңіне айналды.

2025 жылғы тамызда "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" EcoVadis бағалауында 100 балдан 76 балл жинап, 94 процентильге кірді және күміс медальмен марапатталды. Ресми нақтылау рәсімінен кейін бұл бағалау 77 балға дейін көтерілді, бұл 95 процентильге және EcoVadis-тің алтын медаліне сәйкес келеді. Осылайша, MSP соңғы 12 ай ішінде EcoVadis бағалауынан өткен үздік компаниялардың 5%-ы қатарына енді.
Алайда ESG трансформация рейтингтермен шектелмейді. Соңғы бір жарым жылда ол ішкі процестер мен корпоративтік мәдениетке барған сайын белсенді әсер етеді.

Қызметкерлерді ынталандыру жүйесі де дамып келеді. 2025 жылдың өзінде кәсіби жетістіктері, еңбек өтілі және компанияның дамуына қосқан үлесі үшін қызметкерлерге 768 Ticketon сертификаты, 141 Technodom сертификаты және 100 METRO сертификаты табыс етілді.
Сонымен қатар компания кәсіби жетістіктерді көпшілік алдында мойындау және бағалау тәжірибесін қолдай отырып, қызметкерлерді оқытуға, мансап жолында шыңдалуына және ішкі сатымен өсуіне инвестиция салады.
Осылайша, тұрақты даму біртіндеп бөлек корпоративтік бағыт болудан қалып, дәрі-дәрмек сапасын бақылау мен логистиканы цифрландырудан бастап, қызметкерлерге, қоршаған ортаға және қоғамға деген қарым-қатынасқа дейінгі күнделікті жұмыстың ажырамас бөлігіне айналып отыр.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 40 жастағы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады