Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 40 жастағы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады

жасөспірім жыныстық қатынас
Фото: magnific.com

Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 16 жастағы ұлын 40 жастағы ер адаммен жыныстық қатынасқа түскенін айтып, полицияға арызданды. Жәбірленуші тараптың адвокаты полицияның қылмыстық іс қозғаудан бас тартып отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 40 жастағы ер адам желіде 16 жастағы жасөспіріммен оның қатарласы ретінде танысқан. Ата-анасы болған жағдайды ауруханада баланың аналь тесігінен инфекция анықталғаннан кейін білген. Сөйтіп полицияға жүгінген.

Алайда жәбірленуші тараптың адвокаты Данияр Сүндетбаев полицияның қылмыстық іс қозғаудан бас тартып отырғанын айтты. Оның сөзінше, құзырлы органның бұл шешіміне жыныстық қатынасқа келісім беру жасы себеп болған.

Редакция Ақтөбе қаласы полиция департаментінен болған жағдайға қатысты ресми жауап сұрады.

“Аталған факт бойынша қазір Ақтөбе қаласы полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қажетті тергеу әрекеттерінің барлығы жүргізілгеннен кейін процестік шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді басқарма.

Полиция өзге ақпараттың Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын жеткізді.

Бұған дейін Шымкентте ер адам туыстарының екі баласын бірнеше күн бойы зорлағаны туралы жазған едік. Әйел перзентханада жатқан кезде туыстарының үйіне қалдырған тоғыз жастағы ұлы зәбір көрген.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 16 Қыркүйек, 2026 11:52