Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүйіп, қол жүгіртіп, порно көрсетті": Алматы облысында оқушы атасын өзіне тиісті деп айыптады

Жасөспірім атасы қол жүгіртті
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысында 15 жастағы мектеп оқушысы атасын өзіне қол жүгіртті деп айыптады. Туысы қыздың анасы жұмысқа кеткенін пайдаланып, оны сүйіп, порно көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқушы қыз ер адамның түнде жанына келіп, кеудесінен, жамбасынан ұстайтынын айтты.

“Мойнымнан сүйетін. Бірде ыдыс жуып тұрғанымда атам мені шақырып алды. Кейін ол маған жалаңаш әйелдер мен еркектердің видеосын көрсетті. “Міне, қара, бұл сенің қатарластарың” деді. Мен ашуланып, сіңілімді алып, кешке дейін сыртта жүрдім”, – дейді жасөспірім. 

Оқушы қыздың айтуынша, ер адамның мұндай әрекеттер наурыз айнан басталған. Бірақ ол жүкті анасының көңіліне қаяу саламын ба деп қорқып, айтпаған. Оның сөзінше, әкесі мен шешесінің жұмысқа кеткенін пайдаланып, ер адам қызға порнография көрсетіп, түнде сүйіп, қол жүгірткен. 

Жасөспірімнің анасы мейіргер болып жұмыс істейді. Кейде түнгі ауысымға шығатын. Біріші күйеуі өмірден озған соң екінші рет тұрмысқа шыққан. Бірінші некесінен екі баласы, екінші күйеуінен кішкентай қызы бар. Әйел болған жағдай туралы күйеуімен сөйлеспек болғанда күйеуі ұрып тастаған. Жүкті әйел қайын атасының үсітнен полицияға арыз жазып, үш баласын алып үйден кетіп қалған. 

“Үлкен қызымның айтуынша, үйде бәрі ұйықтап қалғанда атасы келіп көрпеге жатып, жамбасынан ұстаған. Кейін қызым жастығының астына пышақ салып жататын болды. Мен жұмыста болғанда қайын атам қызыма порнография көрсеткен. Мен бұл туралы күйеуіме айтқанда, ол тыңдағысы келмей мені ұрып тастады”, – дейді қыздың анасы.

Үш баласымен бірге жүкті әйелді уақытша жанашыр азаматтар паналатып отыр. Ал күдікті әзірге бостандықта жүр. Оның мектеп автобусының жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Осы арада Алматы облысының полициясы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаға қатысы бар барлық тараптың уәждерін тексеріп жатыр.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Тергеу іс-шараларының нәтижесіне сәйкес күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі”, – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайдильдин.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 10 Маусым, 2026 08:27