Елдос Сметовке жаңа көлік пен 5 бөлмелі пәтер берілді
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке жаңа көлік пен 5 бөлмелі пәтер берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Олимпиада чемпионына туған жері Таразда құрмет көрсетілді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сметовке жаңа Lexus 600 автокөлігі мен Тараз қаласынан 5 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
"Олимпиада басталмас бұрын қиындыққа тап болдым": Елдос Сметов Париждегі жеңісі туралы сұхбат берді
Сметовтің жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке де 2 бөлмелі пәтер берілді.
Еске салсақ, бұған дейін Тараз әкімдігінің Елдос Сметовтің Олимпиададағы жеңісінен кейін үйінің алдына асфальт төсеп бергені туралы жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған