"Жастықтың үні де сұлу": Ақбота Керімбекова осыдан 35 жыл бұрынғы сәтті есіне алды
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ақбота Керімбекова оқушы кезінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатының түлегі.
“Оқушылар ансамблімен ән салып тұрған оқушы Ақботаны қараңыздар. 1993 жылы ұлттық арнаның “Алтын Қорына” жазылып алынған еді. Біздің қатар музыкамен тәрбиелендік қой. Өнер жолын қуамыз деп көп ізденетін едік. Қайран уақыт-ай!.. Ансамблде домбыра тартып отырған Тоқтарды таныдыңыздар ма? Алматыдағы Абай мектебінде оқыған мықты дәстүрлі әншілер де инструментте ойнап отыр. Бәріне амандық тілеймін”, – деп жазды әнші.
Сонымен қатар өнер әлеміндегі жұлдызын жаққан “Тамаша” ойын-сауық театрында да өнер көрсеткен кезін жариялады.
“Бүгін оқырманымыздан сонау 90-шы жылдары “Тамашаға” түсірілген бейнетаспа келді. Қанша жыл бұрынғы видео болса да, әлі ыстық. Бұл жерде мен А.Тілегеновтің “Қарағым-ай” деп аталатын, кезінде жақсы таралған, жақсы тыңдалған әнін орындап отырмын. Бәрінен бұрын жастықты айтсаңызшы, жастықтың өзі де, үні де сұлу ғой”, – деп тебіренді өнер иесі.
Еске салайық, Ақбота Керімбекова әріптесі Айгүл Иманбаеваның өміріндегі соңғы жаңалықтарын жариялаған еді.