Бекзат Алмахан атақты Нұрмағамедовтың інісімен жекпе-жек өткізеді
Жақында ғана UFC тұжырымымен келісімшартқа отырған Бекзат Алмахан дебюттік жекпе-жегінде атақты Хабиб Нұрмағамедовтың інісімен жұдырықтасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы кездесуін жеңілістің дәмін татып көрмеген Омар Нұрмағамедовқа қарсы өткізеді. Жекпе-жек 61 келі салмақ дәрежесінде, 3 наурыз күні өтеді. Омар UFC тұжырымындағы рейтингтің 13-орында тұр. Спортшыға қарсы ТОП-10 да тұрған ешбір жауынгер жекпе-жекке шыққысы келмеген.
Айта кетейік, Бекзат Алмахан даңқты бапкер Дәнеш Дүнгенбаевтың қол астында жаттығады. Ол 18 жекпе-жек өткізіп, тек 1 рет жеңілген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

