Жарқынай Ханайым ажырасқан азаматпен тұрмыс құру туралы ойын айтты
Актриса әрі әнші Жарқынай Ханайым желідегі жазылушыларымен тағы да сыр шертті. Өнер иесі жас қыздарға кеңес берді.
Әнші желіде өзара түсіністік жоқ қарым-қатынастан арылуға кеңес берді. Кейбір желі қолданушысы Жарқынайдан “Ажырасқан жігітке тұрмысқа шығудың қажеті бар ма?” деп пікірін сұрады.
Айта кетейік, актриса өткен жылы жолдасымен ажырасып кеткенін мәлімдеген еді.
"Ең бастысы, отбасын бұзбау керек. Егер ол азаматтың отбасы болса, оның ажырасқанына ұзақ уақыт өтпесе, оны жайына жіберіңіз. Егер ол ресми түрде ажырасқаннан кейін үш жыл уақыт өтсе, оның бұрынғы қарым-қатынасы жоқ екеніне көз жеткізген соң онымен қатынас құру туралы ойлануға болады. Оның отбасынан не себепті кеткенін міндетті түрде біліңіз. Сонымен қатар, қазіргі жауапкершілікті қаншалықты сезіне алатынын түсіну аса маңызды", - деп жазды ол.
Актриса жеке өміріне қатысты жазды.
"Мен өте, өте бақыттымын, Алла мені жақсы көреді. Менің әкем мен анам бар, олардың дені сау. Мен ана атандым. Балам бар, оның дені сау. Мен босана аламын. Менде талант бар, ар-ұждан бар. Мен табыс таба аламын, жақындарымды қамтамасыз ете аламын. Мен барлығына өте ризамын. Мен өз өмірімді жақсы көремін. Өзімді жақсы көремін", - деді Жарқынай.
Еске сала кетейік, бұған дейін актриса жалақор адамдардан аулақ болуға кеңес берген еді.