Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаным шыға жаздады: Роза Әлқожа ұлына ота жасалғанын айтты

Роза Әлқожа бауыр еті баласының ауырып қалғанын, оған ота жасалғанын айтты. Бір сынақты бастан өткергенін жеткізді. Жер бетінде барша балаға амандық тіледі. Ата-аналарды баламен сынмасыншы деген әдемі тілегін жазды. 

Роза Әлқожа ұлына ота жасалғанын айтты, алайда нақты қандай ота жасалғанын ашып айтқан жоқ.

"Қайырлы түн! Кешеден бері ұйқы жоқ. Кірпік ілінбей күткен ота жаңа кешке бітті. Бір жарым сағатқа созылған отаны күтіп, одан баламыз
жансақтау бөлімінен шыққанша жан шыға жаздады. Ешкімді құдай баламен сынамасыншы! Өмір деп екінші рет ат қойған құлыным, Алла енді өміріңді тек қуанышқа толтырсын! Дәрігерлер, қолдарыңыз дерт көрмесін!", - деп жазды әнші парақшасында.


Хиджабын шешіп, шашын жайып тастаған Роза Әлқожа көпшілікке ұнамай қалды


Желі қолданушылары амандық тілеп, ұлының тез жазылып кетуіне тілектестік білдірді.

"Қайырлы кеш! Адамның үміті де, сенімі де үйдің үлкендеріне артылады.
Бала адамның өмірінің мәні, қуанышы. Бөлтірігі үшін бөрі бәрін жасайды.
Сол сияқты адамның ең жанды жері де бала. "Ол жақсы болса жердің үсті жақсы. Жаман болса жердің асты жақсы. Абыройдан айырма, Алла!", деп жазды Әлқожа.

"Тезірек жазылып кетсін, балалар ауырмасын", "Қай ұлыңыз ауырып қалды, қай жері ауырып қалды?", "Ананың көңілі әрдайым балада ғой, балаларды сынамаса екен", - деп жазды желідегілер. 

Талқылау