Хиджабын шешіп, шашын жайып тастаған Роза Әлқожа көпшілікке ұнамай қалды

Роза Әлқожа көптің сынына қалды. Өмірде де, сахнада да орамалын тастамай жүрген әнші бір-ақ күнде шашын жайып тастады. "Енді орамалымды сахнада да шешпеймін" деген әншінің әрекетін жұрт сынап әлек. 

"Қайырлы кеш! Кеше ұйқыдан тұрсам бір көзім қанталап кетіпті.
Бұрын денсаулыққа, ұйқыға мән бермей шаба беруші ек. Қазір шаршап қалатын болыппыз. Салонға барып реттелдік",  деп жазды әнші.

Бұған дейін әнші сұхбаттарының бірінде басынан орамалын тастамайтынын айтқан еді. Тіпті, орамалын шешер болса, өнерден кетуге дайын екеніне сендірген. Мұны санасына түйіп қалған оқырманы шашын жайып тастаған әншінің әрекетін түсінбей дал. Бірі әншіні сынға алып, енді бірі қолдап жатыр. 

"Орамалымды енді шешпеймін дегені қайды? Бұлардың қай сөзіне сенерімді білмеймін", "Хиджаб бәріне ойыншық болды", "Шашын жайғаны ұнап тұрған жоқ. Үлкен әйелге жараспайды", "Өзі біледі ғой, не шаруамыз бар", "Елдің бәрі шашын жайып жүр, Роза ғана емес", - деп жазысты олар. 

Әншінің бұл әрекетін інісі Әлжаппар Әлқожа өзінше түсіндіріп, сынға алмауға шақырған еді. Жұртқа не істесең де жақпайсың деді жас әнші. 

Талқылау
Пікір
QydyrálıKZ
16 Қыр, 20 жыл - 21:00

Жарайсың. Ислам діні қазаққа еш пайдасы жоқ дін. Зияны жетерлік. Дің политикалық жоспар

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр