"Жаңбыр соңы қарға ұласады": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер Қазақстан бойынша 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pexels-тен алынған
Қазгидрометтің мәліметінше, ел аумақтарында ауа райының күрт өзгеруі күтіледі.
Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде барикалық жүйенің тез өзгеруі жауын-шашынға (жаңбыр соңы қарға ұласады) әкеледі. Оңтүстікте жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс өңірлердегі ауа температурасы түнде 5–7 градус аяз болады, ал күндіз 5-18 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде 5 градус аяз, күндіз 5-13 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған