"Жаңа Қазақстан – шындығында әділетті Қазақстан" - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанның негізгі мағынасын түсіндірді. Бұл туралы мемлекет басшысы "Аmanat" партиясының кезектен тыс съезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Еліміздің азаматтарының арасында "Жаңа Қазақстан дегеніміз не?" - деген сұрақ жиі туындайды. Менің ойымша, бұл сұраққа қысқа әрі нақты жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан – шындығында әділетті Қазақстан. Партияның алдында қолайсыз жағдайды түзету секілді аса қиын міндет тұр. Сіздер халықты бастап жүрулеріңіз қажет", - деді президент.
Тоқаев сонымен қоса Жаңа Қазақстанды құру үшін барлық жанашыр қоғамдық және саяси күштерді жұмылдыру қажет екенін қосты.
- Adal партиясы Amanat-қа қосылды
- Тоқаев Amanat партиясының құрамынан шықты: Партияға жаңа төраға сайланды
"Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар елдің саяси архитектурасын кешенді қайта құруға, билік тармақтары арасындағы тежеу мен тепе-теңдіктің неғұрлым теңгерімді жүйесін құру үшін бағытталған", - деп жалғады ол.
Елдің барлық саласын түбегейлі монополиясыздандыру өте маңызды. Бұл үдерістен еліміздің саяси жүйесі де қалыс қалмауы керек, деп есептейді президент.
"Біз суперпрезиденттік басқару жүйесін түпкілікті жоямыз, оның орнына парламенттің, мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейтеміз. Басым бағыттардың бірі – партиялық-саяси саланы жаңғырту", - деп атап өтті Тоқаев.

"Директорға премиямыздың жартысын береміз, тауарын да сатып аламыз": Қазақстандық мұғалімдер мектеп басшылығының мәжбүрлеп ақша жинататынына шағымданды
