Жан-Клод Ван Дамм адам саудасына қатысты іс бойынша күдікті деп танылды
Жан-Клод Ван Дамм Румынияда адам саудасына қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: АР
Жергілікті телеарналардың бірінде жарияланған ақпаратта, Жан-Клод Ван Даммға адам саудасымен, соның ішінде кәмелетке толмағандарды пайдаланумен айналысатын қылмыстық желінің қызметіне жүгінді деген айып тағылып жатыр.
Сонымен қатар Ван Дамм бес румын қызының сексуалдық қызметін пайдаланған деген күдікке ілінді.
Белгілі болғандай, аталған іс-шараларға қатысқан бір әйел оған қарсы арыз түсірген. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін