Жамбыл облысындағы әскери қоймада 6 жарылыс болғаны айтылды
Жамбыл облысында болған жарылыста қанша әскери қызметкер зардап шеккені айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Медициналық көмекке жүгінген 32 зардап шегуші туралы мәліметтер бар, оның ішінде 10-ы әскери қызметші”, – делінген ресми хабарламада.
Бүгін сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қоймалардың бірінде шыққан өртті жою жалғасуда.
Әскери бөлімнің өрт сөндіру командалары мен шынжыр табанды арнайы өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның өрт сөндіру есептоптары жұмылдырылды. Қоймада көбінесе ұзақ қашықтыққа қабілетті емес инженерлік оқ-дәрілер сақталады. Барлығы 6 жарылыс орын алды.
Сонымен қатар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау басталды.
Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыс жайлы мемлекет басшысы пікір білдірген еді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар