Жамбыл облысында жауынгер екі аптадан бері іздестіріліп жатыр
Жамбыл облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қатардағы жауынгер Бердішов Ұлықбек Айдарбекұлы "Андас батыр" шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші 2 наурызда жоғалып кетті. Бердішовті іздеуге Жамбыл облысы бойынша шекара қызметінің департаменті мен полиция департаментінің күші жұмылдырылды.
Осы факт бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Сарбазға қатысты ақпарат белгілі болса, мына нөмірлерге хабарласуға болады:
110 (ҰҚК сенім телефоны),
+7 7172 719458 (шекара қызметінің сенім телефоны).
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі