Жамбыл облысында жанармай бекетінде тұрған автокөлік өртеніп кетті

Фото: ТЖМ
Жамбыл облысы Қордай ауылындағы жанармай құю бекетінде тұрған жеңіл автокөлік отқа оранды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті.
“Өрт жеңіл автокөлік пен үш жанармай құю колонкасын шарпыған. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалын тез арада оқшауланып, толығымен сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ”, – делінген хабарламада.
Жанармай алмақ болған қазақстандық цистернаға құлап, мерт болды
Түркістан облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Анкарада 26 қабатты үй өртеніп, үш адам қаза тапқаны туралы жазған едік.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?